Карантин уақытында кімнің жұмыссыз қалғаны белгілі болды

Карантин уақытында кімдер жұмыссыз қалды? Былтыр елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 процент болды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы былай дейді.

«2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі небәрі 0,1 процентке артқан. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары басқа елдерді талдай келіп, біздегі жұмыссыздық деңгейі әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі екенін айтқан. Мәселен, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі соңғы жылы шамамен 4 жарым процентке артқан. Канадада жұмыссыздық 9,6 процентке жеткен. Испанияда 15 жарым процентке бірақ шыққан. ТМД-ның басқа елдерінде де жағдай мәз емес. Оларда жұмыссыздық деңгейінің жылдық өсімі біздегіден әлдеқайда көп.

Атап өтейік, карантинде көлік, өнер, ойын-сауық, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, тамақтану салаларының қызметкерлері жұмыссыз қалған. 

Биыл жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі бекітілген көрсеткіштен 0,3 процентке артып, 3,1 процент деңгейінде болады деп болжануда. Инфляция деңгейі 4-6 процент аралығында сақталып отыр. Жалпы бюджеттің кірісінде де, шығысында да өсім болады деп күтілуде. Елде автомобиль жолдарын дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыруға, экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлікті қолдауға, «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосымша қаражат бөлінетін болады. Пандемиямен күреске бағытталатын қосымша қаржы дәрігерлерге үстемеақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Сонымен қатар әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, су тасқынына қарсы іс-шараларға, су жүйелерінің құрылысы мен оларды жаңғыртуға да қаржы бөлу жоспарланған. 

Енді валюта бағамына тоқталайын. Сонымен бүгін АҚШ-тың бір доллары 430 теңге 26 тиын болып тұр. Еуро 515 теңге 32 тиынға тең. Ал рубль 5 теңге 61 тиын.