Асқар Мамин Лакшми Митталмен кездесті

Премьер-министр Асқар Мамин ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында Үкімет басшысы өндіріс пен инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи экологиялық таза технологияларды енгізу, әлеуметтік жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі салаларында жоғары стандарттардың сақталуын атап өтті. ArcelorMittal Теміртау – Қарағанды облысындағы ірі металлургиялық кәсіпорын. Компанияның металлургия, көмір және темір кені бөлімшелерінд 30 мыңнан астам қазақстандық маман жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімдерінің 80%-ке жуығы әлемнің 75 еліне экспортталады.