Мақат ауданында әлеуметтік жоба аясында 50 адам жұмыспен қамтылады

Атырау облысы Мақат ауданында биыл 8 әлеуметтік жоба іске асады. Жол және тұрғын үй құрылысына жергілікті жұмыссыздар тартыла бастады.

Пандемия салдарынан ірі мұнай-газ компаниялары мен бизнес субьектілері шығындарын қайта қараған. Салдарынан кейбір кәсіпорындарда қысқарту болды. Аудан бойынша былтыр басталған 5,8 шақырым көлік жолы мен 10 шақырым жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жалғасады. Доссор кентінде 21 шақырым жолға жаңадан асфальт төселеді. Қазір ауданда 60 пәтерлік екі көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа жобалардан қосымша 50-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылады.

Болатбек Сәрсен, Мақат ауданы әкімінің орынбасары: 

- Қазіргі таңда конкурстық құжаттар жасақталып, мердігер мекемелер анықталды. Келісім шартқа отырғаннан кейін жұмыстар басталатын болады. Ол жобаларға бірінші кезекте аудан бойынша жұмыссыздыққа тіркелген азаматтарды жіберетін боламыз. Қазіргі таңда қажет мамандарды анықтау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ...