Президент тапсырмасы: 170-тен астам компанияның бос жұмыс орындарын біріктіретін платформа құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы тапсырма берген.

«Үкімет өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиіс. Бұл әр саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлы технология платформаларын құруға мүмкіндік береді», – деген болатын.

Соған байланысты Samryq Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды. Аталған платформа KEGOC, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы» АҚ, Air Astana, «Қазақтелеком», «Қазпошта» сияқты «Самұрық-Қазына» тобының 170-тен астам компаниясының бос жұмыс орындарын біріктірді.