425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміз бойынша 12 млн гектарға жуық егін алқабы жиналды – АШМ

  • 309
  • UPD: 09:20, 14.09.2021

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша бүгінге дейін 12 миллион гектарға жуық алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды.

Яғни белгіленген жоспардың 74,3 проценті орындалған. Ресми мәліметке сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр. Жоғарыда айттық, мұнда 3 жарым миллион гектардан астам алқаптан астық жиналған. Екінші орында Қостанай облысы, көрсеткіш 2 миллион, бір жүз мың гектар. Солтүстік Қазақстан өңірі үшінші орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы