Қостанайда азық-түлікті қымбатқа сатқан алты супермаркет анықталды

Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауар құнын 15 процентке дейін көтерген.

Құс етін тасымалдаушылар да тауардың көтерме бағасын негізсіз жоғарлатқаны әшкереленді. Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек. Сәбіз, картоп, пияз және нан бағасы да бақылауға алынады.

Жанар Балтабаева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Нан бағасы 90 теңгеден аспайды. Қаладағы наубайханалармен осындай келісім жасалған. Ұнды нан пісірушілер тұрақтандыру қорынан алады. Онда халыққа арзан сатылатын өнімдердің он төрт түрі бар.