Каспий арқылы баламалы көлік дәлізі ашылуы мүмкін

Қытайдан Еуропаға жүк тасымалының баламалы жолдары құрылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда Каспий теңізінің порты арқылы логистиканы түзу амалдары қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық палатасы логистика және тасымал департаментінің директоры мәлімдеді. Мұрат Амриннің айтуынша, күрделі логистикаға байланысты порт арқылы тасымал құны 20-30 процентке артуы мүмкін.

Мұрат Амрин «Атамекен» ҰКП логистика және тасымал департаментінің директоры:

– Қазіргі таңда біздің порттарымыз тек 20 процентке толық. Егер Каспий теңізі арқылы логистика мәселесі шешілсе, онда порттардың қызметіне оң ықпалы тимек. Бірақ логистикалық тұрғыдан тасымалдау схемасы күрделенеді. Өйткені бұл бағытта 2 млн тонна жүк тасылады. Бірақ дәліздің қуатын 10 млн тоннаға дейін жеткізуге болады.