Теңге депозиттерін қорғау бағдарламасы әзірленеді

Үкімет пен Ұлттық банк теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірлемек.

Ол арқылы мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеледі.

Бұл туралы үкіметтің ресми мәлімдемесінде айтылды. Осылайша теріс сыртқы макроэкономикалық жағдайларға төтеп берер амалдардың қарастырылып жатқанын білдірді. Бүгінде екінші деңгейлі банктерде 15,3 трлн теңге жинақ бар. Бұл активтердің 40%-і. Мамандар еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне уақытылы және толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін айтады. Заңда белгіленген шекте жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Еске салйын, жыл басында халықтың теңгелік жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.

Сондай-ақ...