Қытай теміржол тасымалы құнын өсіретіні жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды – ҚТЖ

Сырттан тауар тасымалдау мәселесі үкімет деңгейінде шешілгелі жатыр. Бүгін Әзербайжан мен Грузияға барған Қазақстан делегациясы ынтымақтастық туралы бірлескен құжатқа қол қойды.

Онда Транскаспий халықаралық маршруты мен бірыңғай логистикалық компания құру көзделген. Бұл бастамаға Түркия да қосылмақшы. Бұл туралы үкіметте өткен жедел штаб отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары мәлімдеді.

Берік Қамалиевтің айтуынша, бұл бағыт бойынша жүк тасымалдаудың кешенді тарифі бекітілген.

Ал Қазақстан Темір Жолы өкілдерінің айтуынша, Қытай тарапы теміржол тасымалы құнын өсіргелі жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.