Зияткерлік меншік заңы отандық тауар өндірушінің әлемдік нарыққа жолын ашады

Сенат «Зияткерлік меншік туралы» заң жобасын қабылдады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанованың айтуынша, зияткерлік меншік туралы заң бойынша бірқатар түзету әзірленді. Бұл нормалар тоғыз мыңға жуық қазақстандық автор мен құқық иеленушіге сыйақы алуға мүмкіндік береді және ұжымдық ұйымдардың құқықтары бұзылмауын қамтамасыз етеді.

Гүлнар Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Зияткерлік меншік туралы заң жобасында «географияны көрсету» деген жаңа объектісі ұсынылады. Бұл отандық тауар өндірушілерге әлемдік нарыққа жаңа мүмкіндіктермен шығуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өнімнің беделі мен сапасы белгілі бір географиялық объектімен байланысты болады. Мысалы, «Қазақстандық шоколад», «Көкшетау балмұздағы», Осакаров саумалы, Лепсі балы және басқалары.