2025 жылы қант өндірісі 43% жетеді

2025 жылы елімізде қант өндірісі 43 процентке жетеді. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жеңіс Өсербай мәлімдеді.

Айтуынша, 3 жылдан кейін отандық қант зауыттарының қуаттылығы 4 есеге артып, 200 мың тоннаны құрайды. Мәселені шешу үшін шаруаларға жағдай жасап, арзан субсидия беру көзделген. Биыл да қант тапшылығы болмауы тиіс. Себебі қыркүйек айынан бастап көрші Ресеймен жаңа келісімдер жасалады деген жоспар бар. Сондай-ақ вице-министр біздің ел балық, алма, шұжық, сүт және құс еті сынды өнімдер бойынша импортқа тәуелді екенін атап өтті. 2026 жылға дейін отандық өндірушілер азық-түліктің бұл түрлерімен халқымызды толық қамтамасыз ететін болады, - деді Жеңіс Өсербай.

Жеңіс Өсербай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Қант өндірісін реттеу үшін салаға шарауларды тартамыз. Оларға субсидия береміз. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қажетті арзан несиелермен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ оларға қол жетімді бағамен  тұқым жеткізу жоспарланған. Қазір бізде қант өндіретін 8 зауыт бар. Олардың 4-і жұмыс істеп тұр. Керек болса, қалған 4-ін жөндеуден өткіземіз.