Отандық машина жасау саласы дамып келеді

Биылғы жылдың 8 айында машина жасау саласының өндіріс көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жарты жылдағы экспорт 820 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов мәлімдеді. Былтыр саладағы өсім 20 проценттен асқанын да сөз етті. Алайда ішкі сұранысты толығымен өтеу әзірге мүмкін болмай тұр. Жоспар бойынша биыл күзде отандық автокөлікке кезек мәселесі шешімін табуы тиіс еді. Бірақ геосаяси ахуал зардабын тигізді.