Елімізде бизнесті қолдауды жүйелі түрде жасау керек – Ғ.Пірматов

Дегенмен олар мемлекетке қол жаюды жиілетсе, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сондай-ақ кредиттің маңызы жоғалуы мүмкін. Кез келген бизнес түрі тоқырауға ұшыраса, үсті-үстіне несие алып, банкрот болуы да ғажап емес. Сондықтан дәл қазіргідей аумалы төкпелі уақытта кредит алудың һәм берудің жөнін білу керек.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

– Мемлекет әрқашан бизнеске қайта-қайта көмекке келе беретін болса, онда кредиттің маңызы да жайлап жоғала бастайды. Біз бизнесті нарықтық шарттармен несие алуға ынталандыруымыз керек. Әрқашан мемлекеттің көмегіне қарап отыратын бизнес негізінде ұзақ мерзімде бәсекелестікке жарамай да қалуы мүмкін. Сондықтан біз үшін макроэкономикалық тәртіп керек. Инфляцияны төмендетуіміз керек.