Грекияда вакцина салу науқанына қатысты дау шықты

Грекияда жаппай екпе егудің басталғанына бір аптадан аз уақыт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық жоспарға сай препаратты алдымен медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары алуы тиіс. Алайда биліктің бастамасымен вакцинаны алғашқылардың бірі болып саяси партия жетекшілері мен үкімет мүшелері салдырған. Олар препарат сапасына қатысты күдіктің барлығы негізсіз екенін көрсеткісі келсе керек. Алайда «дәрігерлерге арналған екпені шенеуніктер алып жатыр» деген ақпарат тарай бастады. Осыдан кейін жергілікті билік мемлекеттік қызметкерлерге вакцина салу жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ...