Мадридте қар тазалауға әскерилер тартылды

Испания астанасы Мадридте қарлы бораннан жабылған жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, кеше шаһарға 50 сантиметр қар түскен болатын. Бұл рекордтық көрсеткіш. Осыған байланысты қазір жергілікті билік қала көшелерін ақ ұлпадан тазалауға барын салып жатыр. Ол үшін әскерилер де тартылған.

Дей тұрғанмен, ел арасында қалың қарға қуанып жатқандар да бар. Жастар қар атысып ойнап, қарық болды. Бірақ олардың бұл әрекеті тәртіп сақшыларына ұнамаса керек. Өйткені індет уақытына қарамастан, көшеге шыққандардың қарасы көбейіп кеткен. Осыған байланысты полицейлер тұрғындарды үйлеріне таратуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ...