Конгода содырлардың шабуылынан ұлттық парктің алты қызметкері қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Вирунга ұлттық паркінің алты күзетшісі содырлардың шабуылынан қаза тапты.

Бұл туралы жергілікті Actualite басылымы хабарлады.

Саябақтың баспасөз хатшысы Оливье Мукисьидің айтуынша, шабуыл жексенбіде қызметшілер парктің орталық секторындағы аумақты күзетіп тұрған кезде болған.

Әзірге шабуылдаушылардың кім екені анықталған жоқ.