Иорданияда халықты жаппай вакциналау науқаны басталды

Иорданияда халықты жаппай вакциналау науқаны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпе ең алдымен медицина қызметкерлері мен әлеуметтік әлсіз топтағыларға салынады. Белгілі болғандай, азаматтарға екі түрлі вакцина егіледі. Бірі Pfizer мен BioNTech жасаған препарат болса, екіншісі қытайлық Sinopharm компаниясының өнімі. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, вакцинаны ел азаматтарының 20%-іне салу жоспарланған.

Айта кетейік, Иорданияда осы уақытқа дейін 309 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. 4 мыңнан астам науқас көз жұмды.

Сондай-ақ...