Сирияда газ тарататын станцияда жарылыс болды

Сирияның Хомс қаласындағы газ тарататын станцияда цистерна жарылып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан шыққан қою қара түтін жақын маңдағы елді мекенді басып алды. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін ондаған өрт сөндіруші мен техника тартылды. Елдің мұнай министрінің хабарлауынша, жарылыстан кейін 7 танкер өртенген. Әзірге мерт болғандар мен жарақат алғандар  жайлы ақпарат түскен жоқ. Оған нақты не себеп болғаны да белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.