Сочиде 5 жылда алғаш рет қар жауды

Сочиде соңғы 5 жылда алғаш рет қар жауып, жолдар көктайғаққа айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының салдарынан шаһарда жол апаты жиіледі. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жолдарды тазарту үшін жүзден астам техника тартылды. Синоптиктер алдағы күндері де күн суытатынын болжап отыр. Аймақта қатты жел тұруы да мүмкін. Осы ретте билік дауылды ескерту жариялады. Ал бұған құлақ аспаған тұрғындар қасиетті суға түсу рәсімін орындауда. Ал мамандар өсімдіктер үсіп қалмауы үшін тиісті шараларды қолға алып әлек.

Галина Солтани, ботаник:

– 10 градус Цельсияға шыдамайтын өсімдіктерді сақтап қалу үшін барымызды салып жатырмыз. Олар тек -7 градусқа дейінгі температураға бейімді. Соңғы 5 жылда түрлі гүлдерді зерттей келе алдағы уақытта суыққа шыдамайтындарын өсірмейтін болдық.

Иоан Баров, Сочи тұрғыны:

– Қар жауады деп ойлаған жоқпыз. Қуанышымызға шек жоқ. Таңнан бері сыртта серуендеп жүрміз. Суға шомылып та үлгердік. Бәрі де керемет!

Сондай-ақ...