Португалия ауруханалары науқастарға толып кетті

Португалияда ауруханалар толып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір аптада бұл ел әрбір 100 мың адамға шаққанда коронавирусты жұқтыру және одан өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бүкіл ел аумағындағы ауруханаларда маман жетіспей жүр. Ал індеттің ең ауыр зардабын тартқан Лиссабон қаласы мен Тежу алқабындағы ауруханаларда 2 жарым мыңнан аса науқас емделіп жатыр. Ауруы асқынған 300-дей науқас жан сақтау бөлімдеріне орналастырылған.