420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SpaceX биыл ғарыш туристерін орбитаға ұшырады

  • 135
  • UPD: 17:58, 02.02.2021
SpaceX биыл ғарыш туристерін орбитаға ұшырады

Илон Масктың SpaceX компаниясы биыл төртінші тоқсанда орбитаға ғарыш туристерін ұшыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 4 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде америкалық миллиардер Джаред Айзекман бар. Қалған үшеуінің есімдері әзірге белгісіз. Бірақ барлығының орны үшін миллиардер өзі төлейтін болды. Олар орбитада брнеше күн өткізуі тиіс. Бұл миссияның ерекшелігі, экипаж мүшелерімен бірге астронавтар ұшпайды. Сол себепті «Ғарыш туристері» арнайы дайындықтан өтеді.

Хабар 24 телеарнасы