Қырғызстанда вирустың британдық штамы жиі тіркелуде

Қырғызстанда коронавирустың таралуы бәсеңдегенмен аймақта инфекцияның британдық штамы кең етек жайып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабалайды. Мамандардың айтуынша, ақпан айының басынан бастап індетке шалдыққандардың қатары азайған. Десе де, вирустың мутацияға ушыраған деректері жиі тіркеле бастады. Сол себепті жергілікті билік халықты босаңсымай, санитарлық талаптарға немқұрайлы қарамауға шақырады.

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде республикада 68 адамға коронавирус диагнозы қойылды. Екі науқас көз жұмды. Елде вакцинация науқаны да басталған жоқ. Үкімет тиісті препарат әлі де сатып алынбағанын айтады.

Нурболот Усенбаев, денсаулық сақтау және қр әлеуметтік даму министрінің орынбасары:

– Жуырда Өзбекстанда коронавирустың жаңа түрі тіркелген еді. Кейін вирус біртіндеп жайыла бастады. Сол себепті әлі де барынша сақ болуымыз керек. Өзімізді және жақындарымызды індеттен қорғау үшін барлық қауіпсіздік шараларды бұлжытпай орындау керек.