Индонезиядан адамға ұқсайтын акула табылды

Индонезияда бір акуланың ішінен түр-кескіні адам бейнесіне ұқсайтын баласы шықты. Жыртқышты Роте аралының маңынан бір балықшы аулап алған.

Кейін акула етін сату үшін кесектеп турап жатқанда ішінен 3 баласы шыққан екен. Екеуі кәдімгі акула болса, үшіншісінің түрі өзгеше болған. Әзірге бұл құбылысты ешкім түсіндіре қоймапты. Ал балықшы акуланың ерекше бейнелі баласын баққа балап, өзінде қалдырмаққа шешкен.