Италия шектеу шараларын күшейтті

Италия үкіметі коронавирустың жаңа штаммдарының таралуына байланысты шектеу шараларын күшейтті.

Милан мен Туринде барлар мен мейрамханалар жабылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың емін-еркін жүруіне және қаладан шығуына шектеу салу көзделіп отыр. Алайда оқшауланудан шаршаған халықты көнідіру қиын. Жергілікті тұрғындар карантинге қарамастан көшеде топтасып жүр.

Еске сала кетейік, Италияда төтенше жағдай мерзімі сәуірдің отызына дейін ұзартылған.

Сондай-ақ...