AstraZeneca компаниясы Moderna-дағы үлесін сатты

Британия мен швецияның бірлескен фрмацевтикалық компаниясы «АстраЗенека» американдық «Модерна» бірлестігіндегі өз үлесін 1 миллиард 200 миллион долларға сатып жіберді.

Бұл туралы «Таймс» газеті хабарлады. Бірақ келісім жайлы толық мәлімет жоқ.

Басылымның жазуынша, «АстраЗенека» мұндай қадамға күрделі ауруларды емдеуге арналған дәрілер шығаратын өзге бір америкалық компанияны сатып алу үшін барған. Дегенмен қос компания вакцина шығарудан басқа бағыттағы әріптесігін жалғастыруға ниетті.

Еске сала кетейік, «АстраЗенека» мен «Модерна» компаниялары шығарған вакциналардың  коронавирусқа қарсы тиімділігі жоғары деп бағаланды.

Сондай-ақ...