Данияда хайуанаттар бағы локдауннан кейін қайта ашылды

Дания астанасы Копенгагенде локдаун басталғалы жұмысы тұралап қалған хайуанаттар бағы қайта ашылды.

Келгендердің қолында Ковид-19-ды анықтайтын тесттің теріс нәтижесі болуы керек. Зообақта әлеуметтік арақашықтық та жіті тексеріліп отырады. Қатаң санитарлық талаптарға қарамастан жабайы аңдарды тамашалауға келгендердің саны күн санап артып барады.