Израильде карантиннен шығудың үшінші кезеңі басталды

Израильде індетке қарсы енгізілген карантиннен шығудың үшінші кезеңі басталды.

Кезеңге сәйкес, елде театр, фитнес орталықтары, мейрамханалар және стадиондар ашылды.

Бірақ дәмхана мен мейрамхана ішіне вакцина салдырған адамдар ғана кіре алады. Дертке қарсы егілмеген тұрғындардың тек сыртта тамақтануына рұқсат. Орта және жоғарғы сынып оқушылары қайтадан мектепке бара алады. Осымен қатар өзге елдердегі азаматтардың елге оралуына шектеу жоқ. Бірақ бастапқы кезеңде ел аумағына күніне тек 3 мың адам кіргізілмек.

Ариэль, жергілікті тұрғын:

- Елдің қалыпты өмірге қайта орала бастағанына қуаныштымын. Бірақ вакциналауға қатысты әлі түсініксіз жайттар бар. Мысалы, енді тұрғындар екпе алғандар және алмағандар деп бөліне ме? Мұндай жағдайлар уақыт өте реттелетін шығар деп үміттенемін.

Сондай-ақ...