Аргентинада орман өрті өршіп тұр

Аргентинаның Чубут пен Рио-Негро провинцияларында орман өрті дес бермей тұр. Табиғат апатынан ондаған адам жарақат алған.

Құтқарушылар жүздеген тұрғынды қауіпті аймақтардан эвакуациялап жатыр. Тілсіз жау шамамен 250-ге жуық баспана мен өзге де ғимараттарды күлге айналдырды. Жергілікті билік өртті ауыздықтау үшін 2 тікұшақ пен 12 өрт сөндіру техникасы және 60-тан астам бригада жұмылдырды. Мамандар қызыл жалын 2 мыңнан астам гектар орманды алқапты тып-типыл еткенін хабарлайды. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Болжам бойынша апат қасақана ұйымдастырылуы мүмкін.

Аугусто Санчес, Лаго-Пуэло қаласының мэрі:

- Апаттың нақты неден шыққанын анықтауымыз керек. Болжам бойынша өрт қасақана қойылған. Оның жай түсіп, тұтанбағаны анық. Соңғы кездері күн ашық болды.  Қазір алапат өрттен  келген шығын есептеліп жатыр.

Сондай-ақ...