Калифорниядағы Tesla зауытында өрт шықты

Калифорния штатындағы Фримонт қаласында Tesla электромобильдерін шығаратын зауытта өрт шықты.

Бұл туралы Fox телекомпаниясы хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес өрт әуелі салынып жатқан ғимаратта шыққан.

Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру көлігі жетті. Әзірге басқа мәлімет жоқ.