Иорданияда локдаунға қарсы шеру толастамай тұр

Иорданияда локдаунға қарсы шерулер толастамай тұр. Наразы топты тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болған.

Ереуілшілердің көшеге шығуына Ковид-19-дан емделіп жатқан 7 науқастың өткен сенбіде қайтыс болғаны себеп. Билік ауруханаларды оттегі құтыларымен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмаған. Наразылық шаралары ел астанасы Амманда ғана емес, сондай-ақ басқа қалаларда да жалғасуда. Үкімет мыңдаған полиция қызметкерін тартқан. Күш қолданған сақшыларға ашынған белсенділер дөңгелектер өртеп, көлік қозғалысына кедергі жасаған.

Айта кетейік, билік өткен аптада түнгі коменданттық сағатты тағы ұзартқан болатын.

Сондай-ақ...