Австралия халқын су тасқынынан эвакуациялап жатыр

Австралияның шығыс бөлігінде су тасып, елде әбігер туғызды. Билік өкілдері аймақ тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға көшті.

Мамандар өңірдегі судың деңгейі әлі де көтерілетінін ескертеді. Қазір Жаңа Оңтүстік Уэльстегі өзендер арнасынан асып кеткен. Құтқарушылар ондаған мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Синоптиктер алдағы күндері Тасмания штатында да жауын жауатынын айтты.