Жер бетінде коронавирустан көз жұматын әрбір төртінші адам – бразилиялық

Бразилияда коронавирустан қаза тапқандардың жалпы саны 300 мыңнан асты.

Осылайша Латын Америкада орналасқан бұл ел әлемде вирус құрбандарының саны бойынша құрама штаттарынан кейінгі екінші орында тұр. Статистикаға сәйкес жер бетінде коронавирустан көз жұматын әрбір төртінші адам – Бразилия тұрғыны. Өткен тәуліктің өзінде 3 250-ден астам бразилиялық азамат коронавирус індетінен жан тапсырған. Ел президенті Жаир Болсонару аймақта екпе егу шарасын барынша кеңейтуді көздеп отыр. Елдің денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, күніне 1 млн-ға жуық тұрғынға вакцина егу жоспарлануда.