Индонезияда мұнай зауыты өртенді

Индонезияның мұнай өндіру зауытында өрт шықты. Оқиғадан 4 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың барлығы зауыт қызметкерлері.

Өрт жарылыстан кейін басталған. Күйік шалғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 

Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Болжам бойынша оған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, нөсер жауын кезінде найзағай ойнаған. Жергілікті билік тұрғындарды зауыт маңына жоламауға шақырады. Ал жақын жерде тұратындарды құтқарушылар эвакуациялап жатыр.