АҚШ-та Капитолийге жасалған шабуыл кезінде бір полицей қаза тапты

АҚШ-тың Вашингтон қаласында бір адам Капитолийге көлікпен басып кірмек болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ғимарат қоршауын бұзып, екі полицейді басып өткен. Салдарынан офицерлердің біреуі қайтыс болды. Жүргізуші мұнымен қоймай, өзге тәртіп сақшыларына пышақ ала жүгірген. Сол кезде полицейлер оны атып тастапты. Қазір құқық қорғау органдары көлік жүргізушісінің бұл іс-әрекетінің себебін анықтап жатыр. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Капитолийге шабуылдаған 25 жастағы Ноа Грин есімді азамат. Ол Индиана штатының тумасы екен.

Айта кетейік, биыл осымен екінші рет Капитолийде қызмет ететін офицер қаза тауып отыр. Қаңтар айындағы төтенше жағдай кезінде наразы жұртқа тосқауыл қою кезінде бір полицей көз жұмған еді.