Тайваньда теміржол апатынан кейін құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Тайваньда рельстен шығып кеткен жолаушылар пойызының артқы бөлігін тунельден шығару жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені апаттан ең қатты зардап шеккен вагондар үңгіме жол ішінде қалып қойған. Айта кетейік, кеше сегіз вагоннан тұратын пойыз туннельдегі жолдың тастарын тазалап жатқан көлікпен соқтығысты. Соның салдарынан 50 адам қаза тауып, ондаған кісі жарақат алды. Пойызда 500-дей жолаушы болған. Дені туристер екен.