Пхукет аралында 1 шілдеден бастап екпе салдырған саяхатшыларға карантин алынып тасталады

Таиландта саяхатшылар арасында танымал жер саналатын Пхукет аралында 1 шілдеден бастап екпе салдырған шетелдік демалушылар үшін карантин алынып тасталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, алдағы үш ай ішінде 500 мыңға жуық жергілікті тұрғын вакцина салдырады деп жоспарланып отыр. Билік «сонда ұжымдық иммунитет қалыптасады» дейді. Негізі қазіргі талап бойынша вакцина алған саяхаттаушылар 7 күн карантинде болу керек. Енді 3 айдан кейін оның алып тастау үшін аралға сырттан келгендер екпе салдырғанын растайтын құжат көрсетуі тиіс. Сондай-ақ коронавирусқа тест тапсырулары қажет. Кейбір тұрғындар туризм қайта жанданады деп қуанса, енді біреулері керісінше, алаңдаушылық танытқанын айтады.

Жергілікті тұрғын:

- Шыны керек, қорқамын. Шетелдіктерді қабылдау үшін аралдың тұрғындарының бірі қалмай вакцина салдыруы керек. Сонда ғана еш алаңдамасақ болады деп ойлаймын.

Негізі пандемияға дейін Таиландтың жалпы ішкі өніміндегі туризм саласының үлесі 12% болатын. 2019 жылы мұнда 40 миллионға жуық демалушы келіпті. Ал, былтыр олардың саны 7 миллионға жуықтаған. Салдарынан осы секторда жұмыс істейтін бір жарым миллион адам жұмыссыз қалған. Бірақ Пхукет билігі биылға үлкен үміт артады. Олар 2021 жылдың үшінші тоқсанында аралға кемі 100 мың турист келеді деп болжап отыр.

Сондай-ақ...