Оңтүстік Африка Республикасы Johnson & Johnson вакцинасын қолдануды тоқтатты

Оңтүстік Африка Республикасы Johnson & Johnson вакцинасын қолдануды тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай ұсынысты дәрі өндіру компаниясына АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігі 13 сәуірде жасаған. Себебі осы екпені қабылдаған 6 америкалықтың қанында тромбтар пайда болып, салдарынан біреуі көз жұмған. Тағы бір әйел ауыр халда жатыр. Ел билігі өндіруші кемшіліктің себебін дұрыстап түсіндірмейінше, вакцинаны егуге рұқсат берілмейді деген талап қойды. Оңтүстік Африка Республикасы атышулы препараттың 31 миллион дозасын осы айда алдырған болатын. Бұл ел бұған дейін коронавинустың жергілікті штаммына қарсы тиімсіздігін көрсеткен AstraZeneca вакцинасынан бас тартқан еді.

Звели Мехизе, ОАР Денсаулық сақтау министрі:

- Біз АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігі қабылдаған шешімге жеңіл-желпі қарай алмаймыз. Солардың ақыл-кеңесіне сүйене отырып, нақты зерттеу жүргізілмейінше, Johnson & Johnson вакцинасын қолдануды тоқтата тұруды ұйғардық. Бұған дейін бізде 289 мың медицина қызметкері вакцина алды. Бірақ ешбірінің қаны ұйыған емес.

Сондай-ақ...