Даккада COVID-19 дертіне шалдыққан науқастар үшін аурухана ашылды

Бангладеш астанасы Даккада коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін қосымша аухана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен елде дертті жұқтырғандардың саны күн өткен сайын артып барады. Салдарынан медициналық мекемелерде бос орын тапшылығы байқалды. Жергілікті билік эпидемияны тоқтату үшін жариялаған локдаунның мерзімін сәуірдің 28-іне дейін ұзартты. Мамандар болса, халықты босаңсымай барынша сақ болуға шақырып отыр.