Өзбекстанға ресейлік «Спутник V» вакцинасы жеткізілді

Өзбекстан тағы бір вакцинаға қол жеткізді.

Ала тақиялы ағайындылар ресейлік «Спутник V» екпесінің алғашқы партиясын елге әкелді. Көршілер ресейлік препаратты сәуірдің соңына дейін алатындығын осы айда айтқан еді. Әзірге Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі қанша доза вакцина жеткізілгендігін жарияламады. Анығы екпенің жартысын Өзбекстанға әкелуді кәсіпкер Әлішер Усманов қаржыландырған.

Айта кету керек, қазір көрші ел жаппай иммундау шарасында «АстраЗенека» және қытайлық әріптестерімен бірігіп әзірлеген вакцинаны пайдаланып жатыр.