Израиль әуе күштері ХАМАС нысандарына соққы берді

Израиль әуе күштері Газа секторынан атылған зымырандарға қарсы соққы берді.

Еврей әскерилерінің мәлімдеуінше, осы аймақтағы ХАМАС қозғалысының жер асты инфрақұрылымы мен зымыран атқыштары нысанаға алынған. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар туралы ақпар жоқ.

Еске сала кетейік, өткен түні Газа секторынан Израиль аумағына зымырандар атылған. Мәліметтерге қарағанда 36 зымыран ұшырылған.