Перуде баспанасыз жүрген мыңдаған адам далада қалды

Лима қаласының маңында лагерь құрған халықты тәртіп сақшылары таратпақ болған.

Жергілікті билік лагерьдің құм кен орнында орналасқанын айтып тұрғындардың өзге жерге көшуін талап етті. Алайда Үкіметтің бұл операциясы наразылар мен полиция өкілдерінің арасында қақтығысқа ұласты. Ашуға бой алдырғандар жолдағы көліктерді өртеп, тәртіп сақшыларына тас жаудырды. Полиция қызметкерлері де қарап қалмады. Олар көз жасаурататын газ қолданды.

Айта кетейік, пандемия басталғалы елде жұмыссыздық белең алды. Енді пәтерақысын төлей алмаған халық далада түнеуге мәжбүр.

Сондай-ақ...