Бельгия бірінші вакцинаны алғандар саны жағынан алдыңғы қатарда тұр

Бельгия бірінші екпе алған тұрғындар саны жағынан Еуроодақта үшінші орында тұр.

Ұлттық денсаулық сақтау Институтының мәліметі бойынша ересектердің 34 процентінен астамы вакцинаның бірінші дозасын, ал 12 проценті екеуін де салдырған. Бельгияда екпе тегін. Қаңтар айында қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлері және дәрігерлер вакцина салдырды. Наурыз айында 65 жастан асқан азаматтар, сәуірде созылмалы ауруы бар тұрғындар алған. Келесі ай жастардың кезегі. Бүгіннен бастап елде шектеулер алына бастады, барлар мен мейрамханалар ашылып, дүкендер мен мектептер жұмыс істеп жатыр.  

Александр Де Кро, Бельгия премьер-министрі:

- 9 маусымнан бастап ірі спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуге рұқсат береміз. Бірақ бұл ұзақ мерзімді жазғы жоспарымыз ауруханалар мен жансақтау бөлімдерінде жағдайды бақылауда ұстап, вакциналау қарқыны үдейе түссе ғана жүзеге асады.