ДДСҰ ковидтің штамдарын грек әрпімен белгілеуді ұсынды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ковид-19 коронавирусының жаңа штамдарын грек алфавитімен белгілеуді шешті.

Бұл штамдар алғаш шыққан елдерді дискриминацияламау және мутацияға ұшыраған вирустың түрлерін ауызекі тілде айту жеңіл болу үшін ұсынылған. Оған сай британдық штамм - Альфа, Оңтүстік африкалық - Бета, бразилиялық – гамма, ал үндістандық қос штамның бірі Дельта, екіншісі Каппа деп аталған. Бірақ бұл аталуар коронавирус штамдарының ғылыми атауларын өзгертпейді.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы былтыр жаңа коронавирусқа ресми САРС-КОВ-2, ал ол тудыратын ауруды ковид-19 деп атаған. Және вирусты алаламау үшін бұл вирусты қытайлық деп атамауға шақырған. Жалпы грек алфавитінде 24 әріп бар. Олардың ішінде Эпсилон, Зета, Эта, Тета және Йотамен коронавирустың өзге жаңа түрлері белгіленіп қойған.

Сондай-ақ...