425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайтыс болған ер адам бес жылдан кейін әке атанды

  • 96
  • UPD: 17:14, 10.06.2021
Қайтыс болған ер адам бес жылдан кейін әке атанды РЕН ТВ

Американдық Кимберли Холмс-Иверсон жасанды ұрықтандыру әдісімен бес жыл бұрын қайтыс болған күйеуінен бала босанды, деп хабарлайды «Хабар 24» Lenta.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Холмс-Иверсон күйеуі Рашид екеуі ұзақ жылдар бойы бала сүюді армандайды. Алайда ер адам жол-көлік оқиғасынан қаза табады.

Холмс-Иверсон бірнеше сағат өткен соң қайтыс болған күйеуінен биоматериал алуға болатынын біледі. Әйелдің өтінішін орындаған дәрігерлер биоматериалды сақтап қояды. Бірнеше жылдан кейін Холмс-Иверсон өзінің бұрынғы досына тұрмысқа шығады және жаңа жұбайына әке болуды армандаған марқұм күйеуінен балалы болуды қалайтынын айтады. Ер адам оның шешімін қолдайды. Кимберли осы жылдың маусымында дүниеге қыз баланы әкелді. 

Хабар 24 телеарнасы