Ресейдің Кемерово облысында ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты

Ресейдің Кемерово облысында бортында спортшы-парашютистері бар ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 13 адам зардап шеккен.

Танай аэродромы Кузбасстың Промышленный ауданында Новосибирск облысымен шекаралас жерде орналасқан. Оның базасында Кузбасс парашют орталығы құрылып, жұмыс істейді. Мұнда спортшылар мен әуесқойларға парашют-десант жаттығулары өткізіліп тұрады.