Пандемия туризм саласына қыруар шығын әкелді

Еуропаның ауруды бақылау және алдын алу орталығының мамандары жаздың соңында шекарасын ашқан мемелекеттердегі науқастардың 90 процентінде дельта штамы анықталуы мүмкін деп дабыл қағып отыр.

Пандемия туризм саласына қыруар шығын әкеліп отыр. Былтырғы жағдайдан енді ес жия бастағанда коронавирустың жаңа штамдары пайда болды. Ел-жұрт емін-еркін саяхатттай алмай, тұсалып отыр. Өйткені талап күшейді. Әуе қатынастары жанданғанмен, жүріс-тұрыс шектеулі.

ГРЕКИЯДА ТУРИСТЕРГЕ ТАЛАП ҚАТАҢ

Ресей билігі дүйсенбіден бастап АҚШ, Италия, Грекия, Бельгия, Иордания, Кипр елдерімен әуе қатынасын жандандыра бастады. Алайда үкіметтің бұл шешімінен туристер үшін пайда жоқ. Мысалы ресейлік тасымалдаушы компаниялар жүк немесе техникалық жолаушыларды ғана Италия аумағына кіргізе алады. Франция билігі болса көрші мемлекетті «қызыл аймақ» елдерін тізіміне енгізді. Ал Грекияға кіру үшін ресейлік саяхатшылар екпе қабылдаса да, ПТР тест пен экспресс тест тапсырулары тиіс. Қажет болса, міндетті карантиндік мерзім де өтеу керек. Бұл ел саяхатшылар үшін шекарасын 1 ай бұрын ашқан еді. Десе де әдетте туризм қызып тұратын Грекия аралдарында биыл туризмнің тұралауынан Грекия экономикасы 2019 жылмен салыстырғанда 18 млрд еуродан 4 млрд еуроға дейін құлдырады.Жергілікті биліктің әлі де үміті зор. Жыл соңына дейін 2019 жыл көрсеткішінің тым құрғанда жартысына дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

ПОРТУГАЛИЯДА «ДЕЛЬТА» ШТАМЫ КЕҢ ЕТЕК ЖАЙЫП БАРАДЫ

Португалияда Үндістаннан шыққан коронавирустың дельта штамы жайылып барады. Лиссабонда тіркелген жаңа науқастардың жартысынан көбінде дельта штамы анықталған. Осыған орай аймақта карантиндік шектеулер қатаңдатылып жатыр. Германия билігі болса Португалиядан келгендер үшін карантинді күшейте бастады. Енді аймақтағы барлық неміс саяхатшылары еліне қайтуға асық. Германияға келген осы елдің азаматы птр тесттың теріс нәтижесі мен вакцина қабылдағанына қарамастан екі апта карантинде отыруы шарт.

ТҮРКИЯ САЯХАТШЫЛАРДЫ КҮТІП ОТЫР

Түркия пандемия салдарынан жиырма айдан бері тұралап тұрған туризмді жандандыруға ниетті. Ел бірер апта бұрын шет елдік жиһанкездерді қабылдай бастады. Карантин ережелері жаппай вакцинацияның жалғасуымен және Ресей-Түркия арасындағы әуе рейстерінің жандануымен жеңілдеді. Анталиядағы демалушылар саны едәуір артты. Мәдениет және туризм министрлігінің статистикасына сәйкес, 2019 жылы елге 52 миллионнан астам турист келіп, 34,5 миллиард доллар табыс тапқан. Былтыр бұл көрсеткіш 4 есеге қысқарып, 12 миллиард долларды ғана болған. Биыл туризм маусымы елдегі эпидемологиялық жағдайға байланысты тағы да кеш басталды. Дегенмен биылғы маусымға түрік билігі мен сала мамандары үлкен үміт артып отыр.

Мурат Өзболат, қонақүй менеджері:

– Қонақ үйіміз пандемияға байланысты жиырма айдан астам уақыттан бері жабық тұрды.Ресеймен шектеудің алынып тасталғанына қатты қуандық. Өйткені, демалушыларымыздың 70-80 проценті осы елден. Сондай-ақ, Еуропа елдерімен шектеудің алынып тасталғаны 2021 жылға үміт сыйлап отыр.

Түркияға 2021 жылдың алғашқы 5 айында 1 миллионға жақын турист келіпті. Бұл әрине былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір жоғары. Себебі, дәл осы айларда елге 30 мың ғана турист келген. Бірақ 2019 жылдағыдан төмен, пандемия алдында елге 4 миллионнан астам кісі табан тіреген. 22 маусымда Ресеймен шекаралар ашылғаннан кейінгі 2 күннің өзінде 20 мыңнан астам турист келіп қуантты. Қазір федерацияның 70-тен астам жерінен Түркиядағы курорттық жерлерге тікелей сапарлар бар. Әрине бұл сала үшін қуантарлық жағдай. Дегенмен, шекарасын әлі де ашпай отырған елдер де бәр. Мәселен- Ұлыбритания. Ал, көршілес Германия азаматтарының түрік демалыс орындарында демалуына рұқсат берді. Бұл жағдайға неміс туристер де мәз, сектор мамандары да мәз-мейрам.

Рената Малзахн, неміс туристі:

– Менің ойымша, Түркияға саяхаттап баратындарға қойылған шектеулер өте кеш алынып тасталды. Егер басқа елдерге шектеулерді жеңілдететін болсаңыз, ол Испания болсын, басқа ел болсын, бұл тізімге Түркияны қосу керек еді.

Мажейэж Пол, поляк туристі:

–Жыл сайын Сидеде демаламыз. Бұл жер,әсіресе, пандемия кезеңінде қауіпсіз саналады. Өйткені, барлық санитарлық талап сақталған. Демалып қана қоймай, шопинг жасауға да ыңғайлы жер.

Сондай-ақ, бұл маусымда ішкі туризм жанданбақ. Себебі, пандемияға байланысты ел азаматтары шетелді емес, жергілікті курорттық жерлерді таңдап отыр. Сосын 1 шілдеден бастап қалаларалық қатынастарға қойылған шектеулер алынып тасталады. Енді ел тұрғындары емін-еркін қалаған бағытына сапарлай алады. Оның үстіне азаматтардың елде қалуына лираның құнсызданғаны да бірден-бір себеп. Өйткені сыртқа шыққысы келетін тұрғын ақшасын шетел валютасына ауыстыруы қажет.   

Осыдан 3 апта бұрын Түркияға саяхаттап баратын қазақстандықтар үшін кіру ережесі өзгерді. Енді соңғы алты ай ішінде коронавирустан сауыққан және екпе салдырғанына кемінде 14 күн өткен азаматтарымыз туыстас елге ПТР сынамасынсыз бара алды. Осы екі топтағы азаматтар медициналық мекемелерден анықтама мен вакцинация куәлігін көрсетуі тиіс. Бұл топқа кірмейтіндерде 72 сағат ішінде алынған ПТР сынамасының теріс нәтижесі немесе 48 сағатта алынған антигендік сынамасы қорытындысы болуы қажет. Сосын елде маска режимі және бірқатар талаптар сақталған.

ВЕНЕСУЭЛА БИЛІГІ ІШКІ ТУРИЗМГЕ МӘН БЕРМЕК

Саяхатшылардың шекара аса алмауына карантин талаптарынан бөлек, қымбатшылық та басты себеп болып отыр. Мәселені шешу үшін Венесуэла билігі аймақтағы ішкі туризмді дамытпақ ниетте. Мәселен елдегі туризм саласынан түсетін табыс өткен жылдың наурызынан бері 85 процентке құлдыраған. Аймақтағы экономикалық қиыншылық пен жанармай тапшылығы жағдайды қиындатып тұр.