Газадағы базарда жарылыс болды

Газа секторында Газа қаласындағы Аль-Завия базарында жарылыс болды.

Апаттан бір адам қаза тапты, он адам жарақат алды. Бұл туралы The Jerusalem Post хабарлады.

Жергілікті билік жарылыстың себептерін анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс газ баллонынан болған.

Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.