Мьянмада уақытша үкімет құрылды

Бұл туралы аталған елдің Мемлекеттік әкімшілік кеңесі мәлімдеді.

Жаңа құрылған үкіметті Мьянма қарулы күштерінің бас қолбасшысы Мин Аун Хлайн басқаратын болды. Теледидар арқылы халыққа үндеу жасаған ол 2023 жылдың екінші жартысында Мьянмада жалпыұлттық сайлау өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның басында әскерилер билікті басып алған болатын. Армия өкілдері мұны парламенттік сайлау кезіндегі бұрмалаушылықпен байланысты болғанын жеткізді. Осыдан кейін Мьянмада әскерилердің әрекетіне қарсы ереуілдер орын алды. Қақтығыстар кезінде шамамен 900-дей адам көз жұмып, 6 мыңнан астам азамат қамауға алынды.