Бельгияда халықтың 65% толығымен вакциналанды

Бельгияда коронавирусты жұқтыру жиілеп кеткеніне қарамастан, ел билігінің мәлімдеуінше әзірше алаңдауға негіз жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халықтың 71 процентінен астамы бір екпе салдырып, 65 проценті толығымен вакциналанды. Соңғы екі аптада ауруға негізінен вакцина салдырмағандар немесе тек бір екпе алғандар шалдыққан. Науқастар арасында толық вакциналанғандардың үлесі – небәрі 2,5 процент. Сондықтан сарапшылар елде тараған Дельта штамына қарсы сақтанудың ең тиімді амалы вакциналау деп отыр. Ауруханаға жатқызылған адамдардың саны артқанымен, өлім көрсеткіші өскен жоқ. Науқастардың көбісі 20 мен 40 жас аралығында. Бұл екпе салдыруға үлгермеген халық тобы. 

Сондай-ақ...