Францияда жол апатынан 28 оқушы зардап шекті

Францияның батысындағы Шанжа коммунасында автобус жол апатына ұшырап, 28 оқушы зардап шеккен.

Бұл туралы France bleu радиостанциясы мәлімдеді.

Лаваль коммунасындағы мектепке бет алған автобус жолдан шығып кетті. Көлікте 48 оқушы мен жүргізуші болған.

Билік ақпарынша, 28 бала зардап шеккен, екеуі ауыр жарақат алған, бірақ өмірлеріне қауіп жоқ. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Ал жүргізішінің айтуынша, ол аяқастынан өзін жайсыз сезінген.